ТОО «Silk-Road corporation» Бизнес академиясы «Дара» Қосшы қаласының мектеп-лицейі
ТОО «Silk-Road corporation» Бизнес Академия «Дара» школа -лицей города Косшы

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылғы есебі

2024 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі

«Silk-Road corporation» ЖШС Бизнес-академия «Дара» мектеп-лицейі есебі.

 

Қосшы қаласының мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.

            Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:

- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;

- мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;

- мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

«Silk-Road corporation» ЖШС Бизнес-академия «Дара» мектеп-лицейі мемлекеттік қызметтің бес түрін көрсетеді:

 1. «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» мемлекеттік қызмет»        

 2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»»

 3.  «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»»

 4. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру»

 5. «Білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)»

Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы»  Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі. 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар  Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген стандарттар мен ережелері басшылық етеді.

2024 жылы мемлекеттік қызметтің 5 түрі бойынша 221 қызметі көрсетілді, олардың ХҚКО арқылы- 1, ЭҮП – 135,  және меморган арқылы - 85.

2024 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде мектеп ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер: «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» мемлекеттік қызмет - 139, «Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» - 77.

         Қосшы қаласында мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің стандарттары мен ережелерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады.

«Silk-Road corporation» ЖШС Бизнес-академия «Дара» мектеп-лицейі Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша 2024  жылы instagram желісі арқылы 3 тікелей эфир өткізді.

           2024 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан жергілікті атқарушы органдарға шағым түскен жоқ.

        Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) турашылдық;

4) туралық

        Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігі мен жетілдіру үшін  2025 жылы  мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкес келетін шаралар қолдану.

    «Электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қолданушылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.

 

Байланыс ақпараты:

Қосшы қаласы, Ә. Жангельдин көшесі 16, «Silk-Road corporation» ЖШС Бизнес-академия «Дара» мектеп-лицейінің телефон нөмірлері: 8 (701) 954-09-00, электрондық мекенжайы: mektepdara@mail.ru

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады.

Өтініш беруші туралы ақпарат

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау туралы құжаттың №

Қабылданған шешімдер

Қайта қаралған шешім туралы ақпарат

0

0

0

0

0

0

0


Текст