2025 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі
«Silk-Road corporation» ЖШС «Дара» мектеп-лицейі есебі.
Қосшы қаласының мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.
Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:
- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;
- мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;
- мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.
«Silk-Road corporation» ЖШС «Дара» мектеп-лицейі мемлекеттік қызметтің бес түрін көрсетеді:
1. Құжаттарды қабылдау және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау.
2. Мектепке қабылдау туралы өтінішті кері қайтарып алу
3. Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау және оларды қабылдау (мектепке тіркеу)
4. Балаларды 10-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау және оларды мектепке қабылдау
5. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан құжаттарды қабылдау және оларды қабылдау (оқуға қабылдау)
6. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау
7. Балаларға қосымша білім беру қызметін көрсету бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау
8. Балаларды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау
9. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
10. Білім туралы құжаттар жөніндегі мәліметтерді өзектендіру (түзету)
11. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау
12. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында бос немесе уақытша бос орынға тағайындалу үшін конкурсқа қатысуға педагогтердің құжаттарын қабылдау.
Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңнын және бекітілген стандарттар мен ережелері басшылық етеді.
2025 жылы мемлекеттік қызметтің 12 түрі бойынша 193 қызметі көрсетілді, олардың ХҚКО арқылы- 2, ЭҮП – 107, мемлекеттік орган арқылы – 16, және қағаз түрінде – 68.
2024 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде мектеп ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер: «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» мемлекеттік қызмет - 79, «Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» - 46.
Қосшы қаласында мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің стандарттары мен ережелерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады.
2025 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан жергілікті атқарушы органдарға шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) турашылдық;
4) туралық
Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігі мен жетілдіру үшін 2026 жылы мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкес келетін шаралар қолдану.
«Электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қолданушылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.
Байланыс ақпараты:
Қосшы қаласы, Ә. Жангельдин көшесі 16, «Silk-Road corporation» ЖШС «Дара» мектеп-лицейінің телефон нөмірлері: 8(702)850-88-96, электрондық мекенжайы: academydara@edu.kz
Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады.